Қазақстан әлем чемпионатында еркін күрестен жалпы командалық есепте екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан еркін күрестен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан құрамасы командалық есепте тұңғыш рет жүлделі екiншi орынды иеленді. 


1.Ресей құрамасы - 190 ұпай
2.Қазақстан - 103
3.АҚШ - 94
4.Иран- 93
5.Грузия - 85
6.Үндістан - 79 
7.Әзірбайжан - 50 
8.Өзбекстан - 49

Сондай-ақ еркiн күрес шеберлерi 57, 65, 74, 97 келiде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Маирбек Юсупов пен Әсет Серікбаев шәкірттері әлем чемпионатында үш медальға қол жеткізді. Олар:Нұрислам Санаев (57 келі – қола), қызылордалық Дәулет Ниязбеков (65 келі – күміс) және петропавлдық Нұрқожа Қайпанов (70 келі – күміс).

Бұл тізімге Әлішер Ерғали (97 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Әділет Даулымбаев (86 келі) қосылар еді. Бірақ үшеуі де қола жүлде үшін тартыста ұтылды. Ерғали Солтүстік Македониядан келген Магомедгаджи Нуровқа есе жіберсе (5:8), Өсербаев Словакия өкілі 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпмоны Таймураз Салказановтың осал тұсын таба алмады.Даулымбаев кіші финалға да өте алмады. Жұбаныш белдесуде колумбиялық Карлос Мендестен жеңіліп қалды  (13:21).

79 келі:
0. Кайл Дэйк (АҚШ).
0. Джабраил Хасанов (Әзірбайжан).
0. Гаджи Набиев (Россия), Таймураз Салказанов (Словакия).
86 келі:
0. Хассан Язданичарати (Иран).
0. Дипак Пуния (Үндістан).
0. Артур Найфонов (Ресей), Стефан Рейхмут (Швейцария).
97 келі:
0. Абдулрашид Садулаев (Ресеф).
0. Шариф Шарифов (Әзірбайжан).
0. Кайл Снайдер (АҚШ), Магомедгаджи Нуров (Македония).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы