Қазақстан Кореяға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореядан жіберілген гуманитарлық көмек Қазақстанға жетті.

Халықаралық Интеллектті дамыту институтының директоры, Корея Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару лауазымды тұлғаларына арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеуші, профессор Джо ГЮ Юн Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профессорымен ынтымақтастық соңғы екі жыл бойы жүзеге асырылуда.

Көрсетілген көмекке алғыс ретінде "Қазақстан темір жолы" АҚ ғимаратының сыртындағы led-экранға "Рақмет,Корея" жазуы шықты. Бұл - Қазақстандағы ең үлкен led-экран. 



Гуманитарлық жүк құрамында  коронавирустан қорғануға аралған бұйымдар мен құрал-жабдықтар бар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы