Қазақстан командасы бокстан жаттығу жиындарын бастайды – бапкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жанынан құрылған жедел штаб ұлттық құрамаларға оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат етті. Осы орайда, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев сұхбат берді, деп хабарлады Olympic.kz.
Бокстан Қазақстан командасы жаттығу жиындарын 7 қыркүйек күні бастайды. Ұзақ үзілістен кейінгі жиынды Алматыдағы АІВА спорттық базасында өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде спортшылардың бәрі шақырту алды. Санитарлық талаптар түгел сақталады. Қазіргі ережеге сәйкес, жиынға бапкерлерді қоса есептегенде отыз адам қатысады. Яғни, ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары ғана жаттығуға мүмкіндік алды. Жалпы айтар болсам, бұл жиында спортшылардың қалыпқа ену уақыты ұзаққа созылмайды деп ойлаймын. Өйткені, карантин кезінде ешкім үйінде демалып жатқан жоқ. Бәрі өз аймақтарында жаттығу жасады, бізге есеп жіберіп отырды. Боксшылардың бабына жиыннан соң баға бере жатармыз. Ал күз айына жоспарланған Қазақстан чемпионатының өту-өтпеуі туралы нақты мәлімет жоқ, - дейді бас бапкер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Венгрия шекарасын қайта жапты
Өзгелердің жаңалығы