Қазақстан Халықаралық дзюдо федерациясы бастаған #PlantAtree акциясын қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері мен қазақстандық дзюдошылар Алматы қаласында дзюдо академиясының ауласына ағаш отырғызды. Мұндай шара Халықаралық дзюдо федерациясының бүкіләлемдік дзюдо күніне орай ұйымдастырған экоакциясын қолдау мақсатында өтті.
Бүкіләлемдік дзюдо күні Халықаралық дзюдо федерациясының бастамасымен 2011 жылдан бері 28 қазан күні атап өтіледі. Ұйымдастырушылар әр жылды дзюдошыға керек бір қасиетке арнайды. Мәселен, 2017 жылды «ерлік» жылы деп атаса, 2018 жылды «достыққа» арнады. 2019 жылды экологиялық проблемаларға назар аударту мақсатында табиғатқа ұқыппен қарап, экологияны жақсартуға, өзіміз өмір сүріп жатқан аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға арнап, «ағаш отырғызу» жылы деп бекітті.
«Халықаралық дзюдо федерациясының биылғы қозғаған тақырыбы өте өзекті. Қазақта «бір тал кессең он тал ек» қағида бар. Дзюдошылар тек қана спортты емес, табиғатты қорғау мәселелеріне де бейжай қарамайды. Халықаралық дзюдо федерациясының бүгінгі бастамасы да осы мақсатты айқындай түсетіндей», - дейді Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев.Дзюдо академиясында ұйымдастырылған акцияға Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Алматы қаласы дзюдофедерациясының президенті Әли Хамхоев, К.Ахметов атындағы олимпиадалық резерв республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры Сейілхан Қарақов, сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, Азия чемпионы Гүлжан Исанова, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов, «Grand Slam» жеңімпазы Ғұсман Қырғызбаев, Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова мен дзюдо академиясының тәлімгерлері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы