Қазақстан халқы бір жылда 240 мың адамға өсті
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Мұндай деректі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтіріп отыр.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2020 жылғы 1 наурыз жағдайында еліміздегі халық саны 18 млн 671,9 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 10 млн 932,3 мың (58,5%), ауылдықтар –7 млн 739,6 мың адамды (41,5%) құрады.2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалды. Алматы қаласы - 65,6 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 58,5 мың және Түркістан облысында - 33,1 мың адамға өскен , - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ХҚКО жабық. Карантин кезінде қызметтерді қалай алуға болады?
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы