Қазақстан күріш экспортын қысқартты

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 18,3 мың тонна күріш экспорттаған, бұл шамамен 5,1 млн долларды құрайды, деп жазды LS басылымы.

Күрішті жеткізу 8,8% қысқарған. Өз кезегінде экспорттан түсетін түсім де 9,5% азайған.

Негізінен күріштің басым бөлігі көрші Өзбекстанға сатылған. Бұл ел екі айда бірден 8,1 мың тонна алып, 2,5 млн доллар төлеген.
Сонымен қатар, Тәжікстан 1,6 млн долларға 6,4 мың тонна сатып алса, Ресей 595,5 мың долларға 2,6 мың тонна, ал Украина 745,2 тоннаға 192 мың доллар төлеген.

Көрші Қырғызстан 40,9 мың долларға 204 тонна, Моңғолия 44,5 мың долларға 71,6 тонна, Түрікменстан 40,8 мың долларға 68 тонна алса Әзірбайжан 67 тонна алып, 26,8 мың доллар төлеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы