Қазақстан Еуропалық Одақтың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін, деп хабарлады СІМ ресми сайты.
Сұхбат барысында экология, цифрлық даму, гуманитарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәселелері секілді перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегияның қабылдануына және 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті.
Біз Қазақстан-Еуропа қатынастарын сапалы жаңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құжаттарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асырылуы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға алып келетініне сенім білдіремін, - деді ол.
Еуропалық дипломат Қазақстан Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны іске асыру бойынша Еуропада маңызды серіктес ретінде қабылданатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстандағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн.еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.
Кездесу аясында жоғары деңгейдегі кездесулерді, ынтымақтастық кеңеске, конференциялар мен "дөңгелек үстелдерге" қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынтымақтастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралардың перспективті күнтізбесіне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Еуропалық Одақтың Қазақстанмен және өңірмен сындарлы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.