Қазақстан елшісі Вьетнам президентіне сенім грамоталарын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент сарайында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Социалистік Республикасының президенті, Коммунистік партия Орталық Комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгқа сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вьетнам басшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қошемет сәлемін жеткізіп, еліміздің дипломаты Қазақстанның екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады. 

Елшімен кездесу барысында Вьетнам президенті Нгуен Фу Чонг қазақстандық дипломатқа шын жүректен құттықтау білдіріп, оның Вьетнамдағы жаңа миссиясына табыс тіледі. Сондай-ақ, Вьетнам президенті елдің сыртқы саяси басымдықтары туралы қысқаша айтып, елдің сыртқы әлеммен достық қарым-қатынастарды дамытуға берік бейілділігін атап өтті.

“Вьетнам мен сіз елшісі болып табылатын мемлекет арасындағы қарым-қатынастар өте жақсы дамып келеді. Мен бұл ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенемін”, – деді Нгуен Фу Чонг.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы