Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы елшісі Аркен Арыстанов Сингапур президенті Халима Якобке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сингапурдың бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю негізін қалаған елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтілді.Еліміздің дипломаты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметін жеткізді. Тараптар екіжақты құқықтық базаны нығайту, оның ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің күшіне ену және 2019 жылдың соңына дейін ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздер процесінің аяқталуы қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Сингапур басшысы Аркен Арыстановқа жаңа қызметінде сәттілік тілей отырып, сингапурлық тараптың екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш-жігерін салуға ұмтылысын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан басшылығымен белсенді сұхбаттасуға өз дайындығын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аралда балық өңдейтін 7 зауыт жұмыс істейді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы