Қазақстан елшісі сенім грамоталарын табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қарашада Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшісі Нұрбах Рүстемовтың Румынияның президенті Клаус Йоханниске сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кездесу барысында Қазақстанның елшісі президентті қайта сайлануымен құттықтап, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мен дамыту жөніндегі оның қолдауына үміт білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы президентінің атынан Румынияның мемлекет басшысына шынайы тілектерін жеткізді.
Бұл ретте, Румынияның президенті қазақстан-румындық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығару үшін әлеует бар екенін атап өтті. Осыған байланысты, көптеген салаларда екіжақты байланыстарды тереңдету жөнінде сенімді қадамдар жасауға шақырды.
Кездесу соңында К.Йоханнис, Қазақстан елшісін қызметке кірісуімен құттықтап, алдағы уақытта да табыс тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында 400 жұмыс орны ашылады
Өзгелердің жаңалығы