Қазақстан елшісі Үндістан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Раштрапати Бхаван" президенттік сарайында ҚР Үндістан Республикасындағы елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі .

Іс-шарадан кейін өткен кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

Елші Е.Әлімбаев Үндістан Президентін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған ел экономикасын жаңғырту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастық туралы пікр алмасты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы