Қазақстан бойынша 14 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілдікті бір отбасының төрт баласы пайдалана алады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мемлекет ата-аналарымен ел ішінде саяхаттайтын балаларды тасымалдау үшін авиакомпанияларға ақы төлеуге дайын. Яғни 14 жасқа дейінгі балалар ішкі рейстерде тегін ұшатын болады. Жеңілдікті бір отбасының төрт баласы пайдалана алады. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы Дастан Рыспеков мәлім етті.

Бұдан басқа, туристік аймақтардағы дәретханаларды күтіп-ұстауға арналған шығындарды субсидиялау ұсынылды. Жол бойындағы сервис нысандарының құрылысымен айналысатын кәсіпкерлерге жұмсалған қаражаттың төрттен бір бөлігі қайтарылады.

Мұндай шаралар арқылы билік аталмыш саланы қолдауға ниетті. 2025 жылға қарай Қазақстан үш миллион шетелдік қонақ пен 8 миллион өз туристерін қабылдауға үміт артып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы