+17

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты

Астана, BAQ.KZ. Аталған ұшақ түрін пайдалануға бүгіннен бастап тыйым салынды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook-тегі ресми сайтында мәлім етті.
 

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда «Scat» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылатынын хабарлайды», - делінген хабарламада. 

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген.

Еске сала кетейік, Ethiopian Airlines әуекомпаниясының 157 жолаушысы мен экипажы бар Boeing 737 Max 8 ұшағы 10 наурыз күні Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Жолаушылар ұшағы Эфиопия астанасы Аддис-Абебтен Кения астанасы Найробиге бара жатқан. Барлық жолаушысы мерт болған апаттың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы