Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержанттары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери тектері мен түрлерінің 80-нен астам сержанттары төрт күн шамасында өздерінің атыс, физикалық, кәсіпқойлық дайындығын, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің сайты.
ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының базасында үздік сержанттардың Х Бүкіләскери конкурсы аяқталды. Қатысушылар әртүрлі бағыттағы сегіз сайыс бойынша сынға түсті. Нәтижесінде жиналған ұпайларды есептей келе, жеңімпаздар алты номинация бойынша анықталды. Әскери қызметшілер өздерінің физикалық дайындығын, практикалық кәсіпқойлық шеберліктерін, мылтықтан дәл атуды, медициналық көмек көрсетуді, жауынгерлік дайындық бойынша теориялық білімдері мен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Сонымен қатар сержанттар радиаицялық, химиялық және биологиялық қорғаныс сайысында да бақтарын сынады. Сайыс барысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанттары үш бірдей номинацияға ие болды."Аға сержант Нұрбол Дәулетов, 3-санатты сержант Мақсат Жақсыбек және 1-санатты сержант Бахтияр Ратов рота, батальон және бригаданың үздік сержанттары болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан сержант Мадияр Бекенов пен 1-санатты сержант Мирбек Рахимбеков «Үздік бөлім сержанты» және «Әскери құрылым, өңірлік қолбасшылық, бас басқарманың үздік сержанты» номинацияларында үздік атанды. «Үздік взвод сержанты» номинациясына ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің тікелей бағынысты командасының 3-санатты сержант Азамат Мұсаибов ие болды", - делінген таратылған ақпаратта.
Аталмыш байқау сержант құрамының кәсіпқойлық деңгейін көтеріп, бәсекелестік рухтың артуына, сондай-ақ әртүрлі лауазымдық санаттардағы үздік сержанттарды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада «Қазақтың ұлттық мұрасы» байқауы өтті
Өзгелердің жаңалығы