Қазақстанда қанша жас кәсіпкер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша елде 29 жасқа дейінгі 145,7 мың жас жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп, деп хабарлады energyprom.kz.
Жалпы санның ішінде 130,8 мың кәсіпкер қазіргі таңда жұмыс істейді – барлық тіркелгендердің 90%-ы. Жұмыс істеп тұрған ЖК санының жылдық өсімі 19,8%-ды құрады.
29 жасқа дейінгі жастар 100% иеленетін кәсіпорындар саны 35,1 мыңға жетті, өсім 3,5%-ға тең (бір жыл бұрын сегментте 33,9 мың кәсіпорын тіркелген).
Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны бір жыл ішінде 6,5%-ға ұлғайып, 28,5 мыңды құрады.
Бұл ретте, жас бизнесмендерге тиесілі кәсіпорындардың ең көп саны көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында тіркелген: 11,5 мың кәсіпорын (барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 40,4%-ы). Тағы 4,3 мың кәсіпорын құрылыста (кәсіпорындардың 14,9%-ы) жұмыс істейді және 1,6 мың кәсіпорын кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,5%) айналысады.
Жас меншік иелері кәсіпорындарының ең аз саны мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру және электрмен/сумен жабдықтау саласында байқалды.
Жас жеке кәсіпкерлердің кәсіпорындарының көпшілігі мегаполистерде орналасқан: Алматы (7,4 мың кәсіпорын), Нұр-Сұлтан (6,3 мың) және Шымкент (2 мың кәсіпорын).
Сегменттегі ең аз компаниялар Солтүстік Қазақстан (347), Батыс Қазақстан (553) және Ақмола (620 кәсіпорын) облыстарында тіркелді.