Қазақстанға сырттан әкелінетін көкөністер 41,3% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы жеті айда импортталатын тауарларға баға – 4,9%, экспортталатындарға 3,1% жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.
Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 11,6%, мысқа – 1,7%, мырышқа – 1,2%, қорғасынға 0,4% төмендеді, темір кендеріне – 39,4%, көмірге – 18,3%, порландцементке – 8,2%, мұнайға 6,1% жоғарылады. Бағаның мақтаға – 3,9%, жармаларға 1,2% төмендеуі, олардың бидайға – 18,2%, ұнға – 14,9%, күрішке – 6,4%, жүнге 1,7% жоғарылауы тіркелді.Импортталатын өнімдерден көкөністер – 41,3%, кондитерлік өнімдер – 11,1%, шұжық өнімдері – 9,6%, балық – 8%, сүт өнімдері – 7,4%, темекі – 6,5%, кофе – 4,7%, құс еті – 4,4%, шай – 3,8%, маргарин – 3,4%, өсімдік майы 3,1% қымбаттады, жемістер мен жаңғақтар – 7,1%, какао – 4,8%, қант 2,7% арзандады. Баға фармацевтикалық өнімдерге – 10,2%, пластмассаға – 8,2%, сүрекке – 7,8%, қағазға – 7,4% құрылыс материалдарға – 6%, тоқыма бұйымдарына 4,5% жоғарылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде теміржол туралы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы