Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиниклық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда мешіттері ауруханаларға көмек берді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы