Қазақфильм атынан кастинг ұйымдастыратын алаяқтар көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның қалаларында «Қазақфильм» киностудиясының жобаларына кастинг өткізіп, қатысушылардан ақша талап ететін алаяқтар көбейген. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Соңғы кездері Қазақстан бойынша алаяқтық жолмен алдау көбейіп кетті. Алаяқтар еліміздің қалаларында «Қазақфильм» киностудиясының жобаларына кастинг өткізіп, қатысушылардан ақша талап етуді меңгеріп алған. Сонымен қатар кастингтен өту үшін актерлік шеберлік курсын төлеуге мәжбүрлейді екен. Отандастарымыздан абай болуды және мұндай қылмыстық әрекеттің құрбанына айналмауды сұраймыз», - делінген хабарламада.Баспасөз қымзеті Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг қатысушыларынан, сондай-ақ түсірілім барысының дайындық кезеңіне қатысу үшін ешқашан ақша талап етпегенін айтады. Киностудия кастингтерінің бәрі тегін көрінеді.
«Ескерте кететін жәйт, қазіргі таңда «Қазақфильм» АҚ еліміз бойынша кастинг өткізіп жатқан жоқ. Біз бүкіл ашық қазақстандық кастингтерді жұртшылыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына нақты мәлімет бойынша жариялаймыз. Ақпарат біздің ресми www.kazakhfilmstudios.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарымызда жарияланады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Байланыс орталығы: 8 (727) 302-14-37, press@kazakhfilmstudios.kz.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеу, Минск және Алматы бейнекөпірі өтті
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы