Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз – Шавкат Мирзиёев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Бұхара мен Сырдарияда орын алған төтенше жағдайға байланысты жиында айтты, деп хабарлады Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі.
Бұхара мен Сырдариядағы апаттар - Жаратқанның бізге берген сынағы, осы жағдайдан табандылықпен және аянбай еңбек етіп өтуіміз керек. Бұл су тасқыны біз үшін ауыр сабақ болды. Сондықтан, су қоймасында болған жағдайға байланысты халықаралық сарапшыларды тарта отырып, барлық бөгеттерге терең сараптама жүргізетін боламыз. Сонда ғана біз түпкілікті қорытындыға келеміз, - деді сөз басында Өзбекстан Президенті.Сардобадағы апат салдарынан Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді де су басты. Осы ретте, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұдан басқа, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді.
Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз, - деді Шавкат Мирзиёев.Оның айтуынша, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.
Біз табиғи апаттың салдарын жоюда қазақстандық бауырларымызға қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл қиындықтарды халқымызбен бірге, өзара ынтымақты түрде жеңетінімізге сенімдімін, - деп түйіндеді Шавкат Мирзиёев.Айта кетейік, Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты, 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы