Аз қамтылған отбасы балаларына тегін туристік саяхаттар ұйымдастырылады

Республика күні қарсаңында Алматы қаласының жастарға арналған демалыс орындарына келушілер танымал туристік орындар – Шарын шатқалы мен Көлсай көліне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экскурсияға 100-ден астам жасөспірім қатысты. Бұл биылғы бесінші тур болды. Бір күндік турға көлік, тамақтану және гид қызметтері кіреді. Алматыда мегаполистің барлық сегіз ауданында барлығы 150-ге жуық демалыс орталығы бар. 

Демалыс орталықтарында шеберлік сыныптары, байқаулар, турнирлер, жарыстар, эстафеталар, тәрбие сағаттары, профилактикалық әңгімелер, кездесулер, көрмелер, экскурсиялар, саяхаттар мен акциялар түрінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. Жоба аясында демалыс орталықтарында 500 үйірме мен секция ашылып, 155 000-нан астам адам қамтылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы