Әз-Наурыз қазақстандықтарды қандай ауа райымен қарсы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан бойынша 2021 жылғы 20-22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қара теңіз үстінде қалыптасқан циклон 20-21 наурызда Қазақстанның ауа райын анықтайды. Көптеген облыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады және ауа температурасының жоғарылауы байқалады. Алайда қыс берілгісі келмейді және кезекті антициклон біздің аумаққа батыстан ауысады. Бұл көктайғақтың пайда болуын әкелсе де, температураның айтарлықтай төмендеуіне әкелмейді, - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы