Аз қамтылған отбасылар әкімдік назарында

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Алматының Әуезов ауданда 437 аз қамтылған отбасыға 42,1 млн теңге сомасында АӘК көрсетілді. Бұл туралы аталған ауданның әкімі Сайран Сайфеденов онлайн брифинг кезінде айтты.

Одан бөлек 447 адамды қамти отырып, 10 қайырымдылық акциясы өткізілген. "Еңбек" бағдарламасы аясында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары бойынша1277 азамат қамтылыпты. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындары – 73 адам, қоғамдық жұмыстар-775, жастар тәжірибесі-39, тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру-364 және грантпен 26 адам қамтылған.

Жыл басынан бері көп балалы отбасылармен 6 431 консультативтік кездесу өткізілді, онда 11 372 қызмет көрсетілген. Көп балалы отбасыларды толғандыратын мәселелер негізінен тұрғын үй, қалада тіркеу, АӘК ресімдеу. Бақытты отбасы орталығында 31 адам оқыды, оның ішінде 14 адам массаж, аспаздық, тігін ісі бойнша сертификат алды және 26 адам жұмысқа орналастырылды,-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар 5 млн теңгенің грантына 2 көп балалы ана ие болған. Олар үй тоқымасын, тігу және клинингті қызмет бойынша иеленіпті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы