Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазымдарды атқарған.

2014 жылы – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары.

2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 

2017 жылы - ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары - ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы