Айзада Мүптілда Азия чемпионатында алтын медаль алды

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілда Бахрейн елінің Манама қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта күш сынасты. Ол 120 келіні жұлқа, 157 келіні серпе көтеріп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 277 келіні бағындырды. Осылайша ол Азия чемпионы атанып, Қазақстанның көк байрағын желбіретті.

Айта кетейік, дәл осы салмақта тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук қола медаль иеленіп отыр.

Бұған дейін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғаған Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай алтын медаль алған болатын. Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова мен Артем Антропов үшінші орын иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы