Айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 528–529 теңгеден сатылып, 521–522 теңгеден сатып алынуда. Ал Алматы қаласында сату бағамы – 524–526 теңге, сатып алу бағамы – 522–523 теңге аралығында.

Айта кетейік, 3 қараша күні Астанада доллардың орташа сату бағамы 532,33 теңге, сатып алу бағамы 526,33 теңге болған. Ал Алматыда доллар 529,42 теңгеден сатылып, 527,03 теңгеден сатып алынған.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 528,31 теңге деп белгіленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы