"Айыппұлды төледім" деп жалған түбіртек берген астаналық 7 жылға сотталды

Прокурорлар пара берушіге қатаң жазаға ауыстыруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына сотталған.

Кінәлі тұлға 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы сот орындаушысына түбіртектердің көшірмелерін табыстаған. Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұлдың төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған екені расталды, - делінген Астана қалалық прокуратурасының хабарламасында.

Аудан прокуратурасының нұсқауы бойынша сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, ұсыныс қанағаттандырылды.

Сотпен айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, - делінген ақпаратта.

Жалған түбіртектерді беру фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы