Пара алған бөлім басшысына 4,5 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген. Биыл 4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сол үкіммен пара бергені үшін Култаеваға К.К. 200 мың, Сығаеваға С.Д. – 300 мың, Исамидиновке И.И. - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы