Айыппұл орнына - қызғалдақ. Елордалық полицейлер әйелдерді мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен осылай құттықтауға шешім қабылдаған. Олар жол бойындағы әйелдерге қызғалдақ сыйлады.

Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында полиция қызметкерлері әкімшілік материалдарды түсіндірудің немесе жинаудың орнына жол қозғалысының қатысушыларына денсаулық пен амандық тілеп, көктемгі гүлдер - қызғалдақтар сыйлады. Таяқшасымен тоқтатып тұрған полиция қызметкерін көргенде, әдетте, адамдар тежегішті басып, қандай ережені бұзғанын есіне түсіреді. Бірақ полицейдің мерекемен құттықтауын естіген олар түсінбей, біраз кідіріп қалады.

Жүргізуші әйелдер үшін мұндай сый күтпеген жағдай болды. Олар таңғалғанын жасырмады.

Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз, жақсылық тілейміз, жол ережелерін сақтаңыз, ұқыпты болыңыз, бақытты болыңыз, - деп Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальоны командирінің орынбасары Тимур Тұяқбай  жүргізуші әйелдерді құттықтады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы