Айыппұл мөлшері төмендейді – Бекетаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралды.
«Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп құқық қолдану тәжірибесі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру, соның ішінде оны ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету бойынша сұрақтарды пысықтады. Осы жұмыстың қорытындылары сіздердің қарауларыңызға бүгін ұсынылып отыр», - деп бастады сөзін Әділет министрі Марат БекетаевМинистр заң жобасында қарастырылған бағыттарды атап өтті.
Бірінші, әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын алып тастау. Реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртіптік іс жүргізу арқылы қарауға болады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру сияқты іс-шаралар орындалып жатыр. Заң жобасымен әкімшілік құқық бұзушылықтардың 32 құрамын алып тастау ұсынылады.
Екінші, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санкцияларын жеңілдету және төмендету.
«Әкімшілік құқық бұзушылық санкцияларына жүргізілген талдау оларды әкімшілік жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру шеңберінде жеңілдетуге және төмендетуге мүмкіндік бар екенін көрсетті. Осы мақсатта заң жобасымен 40 астам құрам бойынша айыппұл мөлшерін азайту, 10 құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету және де алты құрам бойынша ескерту енгізу ұсынылады. Бұл түзетулер мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ ұсыныстары негізінде, талдауды және статистикалық деректерді ескере отырып әзірленген. Кодекс қабылданғанан кейін оның әсіре қатаңдығын төмендету қажеттілігі бойынша ұсыныстар депутаттық корпуспен көтерілгенін атап айтқым келеді. Осы мәселе бойынша үкіметтің және министрліктің атына тиісті депутаттық сауалдар мен хаттар түскен болатын», - деп айтты министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оңтүстік Корея дипломаттарды қалай дайындайды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы