30 Тамыз 2026, 21:48 Фото: Скриншот

Аюсай шатқалында адасып қалған 7 жасар қыз табылды

Құтқарушылар қызды анасына аман-есен тапсырды.

Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында құтқарушылар ата-анасынан адасып қалған 2019 жылы туған қызды тапты.

ТЖМ мәліметінше, ТЖД қызметкерлері таулы аумақты патрульдеу кезінде жалғыз жүрген баланы байқаған. Осы уақытта қыздың ата-анасы оның жоғалғанын байқап, «112» қызметіне хабарласқан.

Құтқарушылар қызды анасына аман-есен тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болмады.