Балалардың ойын алаңына кіріп кеткен аю атып өлтірілді
Алматы, BAQ.KZ. Оқиға Ресейдің Краснояр аймағындағы Солтүстік-Енисей шағын қаласында орын алған, деп жазды life.ru.
Полицейлер ойын алаңында жүрген аңды орманға қарай қуған. Алайда ол ызаланып адамдарға қарай шабуыл жасаған. Нәтижесінде полицейлер жыртқыш аңды атып өлтірген.
Жергелікті тұрғындар балалар ойын алаңында аюдың жүргенін хабарлаған. Осыдан кейін сол жерге полицейлер келген.
«Бастапқыда арнайы құралмен аңды орманға қарай қумақ болдық. Алайда ол міз бақпады, есесіне айбат көрсетіп адамдарға қарай жүгірді. Аспанға атылған ескерту оғы да көмектеспеді», - дейді өңірдің ІІД басшысы Владимир Юрченко.
Соңында полицейлер аюға табелді қарурдан оқ атқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы