Айтжанов Қоңқабаевтың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Бокстан қазақстан Ұлттық құрамасының аға бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың өзбекстандық Баходир Джалоловтан жеңілуіне қатысты пікір білдірген еді.
«Ол алтын медаль алып, жанкүйерлерді қуантқысы келді. Қамшыбек жекпе-жекті дұрыс ұйымдастыра алмады. Ауыр соққыларға жиі ұрынды.Тактика мен қорғануды ұмытып кетті. Жеңіске жету мүмкіндігі болды. Бірақ жіберген қателіктері бөгет жасады. Қамшыбек қарсыласын есеңгірететін соққыларды дайындалмай жасады. Қарсыласынан айласын асыру керек еді. Ол екі жекпе-жекте жеңіске жетті ғой, осы жекпе-жекте де сондай техниканы қолдану керек еді. Олимпиадаға дейін әлі уақыт жеткілікті. Өзбек боксшысынан реванш алу үшін де уақыт бар», - деді Мырзағали Айтжанов.