Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев брифинг барысында айтты.

Әкім қайтыс болған қызметкерлердің отбасына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
Тыныш күнде қызметкерлеріміздің қайғылы жағдайға душар болып жатқаны өкінішті. Ол қайтыс болған екі азаматтың отбасына да қиын болып отыр. Сол себепті олардың отбасына көмек ретінде әкімдік тарапынан кәсіпкердердің қолдауы арқылы екі пәтер тағайындалып жатыр. Сонымен қатар, қажет болса ақшалай да қолдау көрсетіледі,-деді Сағынтаев. 
Айта кетсек, мамырдың 25 күні №4 блок-бекетте болған жантүршігерлік апаттан полиция қызметкері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов қаза тапқан еді. Тағы бір полиция қызметкері Ербулан Сейдазым басынан жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы