Әйтенов Смайыловтың тапсырмасын орындауға қауырт кірісті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады. Алдымен, Бадам су қоймасында болып, онда жүргізіліп жатқан су тасқынын алдын-алуға бағытталған жұмыстармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Dalanews.kz сілтеме жасап.

Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты су қоймасы толып, су алу қауіпі болған жағдайда шлюздарды реттеу арқылы «Бадам» өзеніне жіберу жоспарлануда.

Мұрат Дүйсенбекұлы “Тоғыс” су қоймасындағы су тасқынын алдын алатын шаралармен де танысты.

Сыйымдылығы 4,6 млн текше метрді құрайтын қоймаға суды жинау бүгінде автоматты түрде жүргізіледі. 265 шақырымды құрайтын тоған аумағында қазір су басу қаупін алдын алуға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылуда.

«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын каналды қардан-мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерген қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.

Су тасқынын алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жүйелі жұмыс жүргізуі қажет.Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру – басты назарда” – деді қала әкімі.

Бұған дейін премьер Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары қаралған.

Үкіметбасы биыл қыс қарлы болғанын және ауа райы күрт жылынып кетсе, су басу қаупі күшейетінін атап өткен.

Қараусыз тұрған объектілердің иелерін анықтап, коммуналдық және жеке гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шараларын әзірлеу қажет. Су қоймаларындағы судың деңгейін анықтап, оларға тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс. Қажет болса, қауіпсіздікті сақтай отырып, ондағы суды алдын- ала азайту шараларын қабылдаған жөн,  – деген Смайылов.

Бұдан бөлек су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды қамтамасыз етуді, тиісті жедел штабтар құруды айта келе, трансшекаралық өзендердегі қауіптің алдын алуда тұрақты мәлімет алмасуды өңір басшыларына шегелеп тапсырған-тұғын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы