Әйтенов пен Әтешова ісі: Судья оқиғаның қалай болғанын айтты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төрағалық етуші судьяның сөзінше, сот отырысы 23 шілде күні басталған.

Ол сот процесінде теріс қылық ісі қаралатынын атап өтті.

Судья Қылмыстық-процестік кодекстің 529-бабына сәйкес сот қылмыстық теріс қылық бойынша хаттаманы жариялады.

2024 жылғы 12 шілдеде сағат 16.00 шамасында 1972 жылғы 20 мамырда дүниеге келген Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы Астана қаласы Парасат көшесі, 16 үй мекенжайында орналасқан үйдің ішінде бола тұра, аталған үйдің 1 жыл бұрын сатылғаны және 1 жыл бойы оның бұрынғы жұбайы Әтешова сол үйді босатпай жүргенін біле тұра және сот шешімі арқылы шығарылу процесі жүріп жатқанын біліп, үйге келген. Онда балаларын құшақтағандай сыңай танытып, өзінің қылмыстық ниетімен Әтешоваға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасай бастады. Яғни құшақтап, қолдарын бұрап, кейін еденге құлатып, сүйреп сыртқа шығарады. Заңсыз әрекетін далада жалғастырады. Яғни оны екі қолымен қимылдатпай, өзіне қарай қысып ұстап, зорлық-зомбылық көрсетеді, - деді ол.

Судьяның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Әтешованың мойны, денесі, аяқ-қолдары және бөксесі көгеруі сияқты дене жарақаттары анықталған. Олар қатты доғал заттардың әсерінен пайда болуы мүмкін.

Марат Әйтенов Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасады деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бес тәулікке қамауға алынғаны туралы осыған дейін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы