Әйтенов: Медициналық ұйымдар 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкенттегі мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңа компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. 

Әкім өңірде денсаулық сақтау саласында қызмет сапасын арттыру қолға алынғанын айтты. 

Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалды-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Әкімнің айтуынша, жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Сондай-ақ ол қалада медициналық ұйымдардың құрылысы жүріп жатқанын да атап өтті. 

Қазіргі таңда 2 емхана құрылысы, №1 ауруханадағы трансплантация орталығын жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 1000 орындық клиниканың құрылысын бастау үшін жергілікті бюджеттен инженерлік инфрақұрылымын тартуға 835 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды, - деп хабарлады Мұрат Әйтенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы