Әйтенов кінәсін мойындайтынын айтып, соттан істі созбауды сұрады
Бұрыңғы әйеліне күш көрсетті деп айыпталған Марат Әйтеновке қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соттың кезекті отырысында Марат Әйтенов өзіне тағылған айып бойынша көрсетілген дәлелдермен келісетінін жеткізді.
Сондықтан, ол судьядан істі қарауды созбай, мүмкіндігінше тездетіп шешім шығаруды сұрады. Судьяның айыпталушының бұл ұсынысы ескерілетінін жеткізді. Әтешованың қорғаушылары болса оқиға күні түсірілген бейнежазбалармен міндетті түрде танысу қажет екенін алға тартты. Адвокаттар бұл қадам аталған іс бойынша әділ шешім шығару үшін аса қажет екенін айтты.
Бұған дейін Әйтеновтың бұрынғы әйелі Дана Әтешовадан жауап алынған болатын. Жәбірленуші осы жылдың 12 шілдесі күні экс-күйеуімен арадағы болған оқиғаны баяндап берген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы