"Айқай шусыз шешейік". Лукашенко Зеленский мен Трампты Минскіге шақырды
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бойынша келіссөздерді Минскіде өткізбекші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Беларусь астанасына Украина, Ресей және АҚШ президенттері – Владимир Зеленский, Владимир Путин және Дональд Трампты шақырды.
Қаласаңыздар, келіңіздер. Беларусь шекарасынан Киевке дейін 200 шақырым ғана. Ұшақпен жарты сағат кетеді. Келіңіздер, осында отырып, тыныш әрі айқай-шусыз келісімге келеміз. Сондықтан Трампқа айтыңдар, "мен оны Путин және Зеленскиймен бірге осында күтемін". Ақылдасып, келісімге келеміз. Егер келісімге келгілеріңіз келсе…, - дейді Лукашенко америкалық блогер Марио Науфалға берген сұхбатында.
Беларусь президентінің айтуынша, Путин бейбіт келіссөздер мен қақтығысты реттеуге мүдделі.
Сондай-ақ, ол Украина президентін келіссөздерге көндіру қажет деп санайды.
Келісу керек, - деді Лукашенко.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбенің жолдары қашан дұрысталады?
Өзгелердің жаңалығы