Айнұр Жарахметова: Жолдау жауапты міндет жүктейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осыған орай «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» директоры Айнұр Жарахметова өз пікірін білдірді.

Жолдауда Мемлекет басшысы елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, азаматтарды әділетті заңмен қамтамасыз етуге және жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттеді. Сонымен қатар, еліміздегі денсаулық, білім және мәдениет саласына да баса назар аударды. 

Жолдауды Нұр-Сұлтан қаласындағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы да ықыласпен тыңдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен халқымыздың жарқын болашаққа бағдарын мақсат еткен Жолдау жайында өзара пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында  егеменді еліміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, «Тәуелсіздік – ең қастерлі құндылығымыз» деді. Сонымен қатар, Жолдауда мәдениет саласына қатысты айтылған тың бастамалары бізге жаңа жігер берді. Мәселен, 2022-2025 жылдары аралығында мәдениет саласы, соның ішінде кітапхана және музей қызметкерлерінің айлық жалақысын 20 пайызға өсіру туралы айтылған бастама – осы салаға тың серпін берері сөзсіз, – дейді Айнұр Жарахметова.

Сондай-ақ, жолдауда  балалардың сапалы білім алуы, ғылым саласын дамыту жайында айтылған жоспарлар тұтас ұлт сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы