Айнұр Серғазиева қызметінен босатылды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ауыс-түйіс болды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Ұлан Бекіш тағайындалды.
Еске салсақ, Айнұра Серғазиева бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.
Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш 1986 жылғы 5 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Информатика саласының маманы, философия докторы (PhD), Халықаралық информатизация академиясының академигі. Жетісу мемлекеттік университетін І. Жансүгіров атындағы оқу орнын "Информатика" мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2008 жылы ақпараттық технологиялар саласында лаборант әрі маман ретінде бастаған. 2009-2016 жылдары Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық орталықтарда ақпараттық жүйелерді енгізу және дамыту бағытында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Кейін "Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг "Зерде" АҚ-да цифрлық трансформация департаментінің директоры болды.
Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде басқарма мүшесі – проректор қызметтерін атқарған. 2022 жылдың сәуір айынан бастап "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық" АҚ-ның бас директоры.