Айнұр Кәрібозова «Болашақтағы» қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада Халықаралық бағдарламалар орталығындағы жұмысымды аяқтадым. Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында жазды.

Менің Орталықта жұмысымды тәмамдауым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақтың» бағдарын өзгерту ұсынысы жасалған тұста болуы өкінішті.Осы орайда менің Орталықтан кету шешімім бұдан ертерек қабылданғандығын, сонымен бірге Орталық президенті ретінде екі жарым жылдық кезеңде қаншама оң өзгерістерді қолға алуымды ескерсек, әрине, шешімнің оңай тимегендігін жеткізгім келеді, - деді ол. 

Осы жазбамда өзіме және оқырмандарыма есеп беру арқылы ең маңызды жетістіктерге тоқтап өтсем деймін:

1. Таусылмайтын квоталық санаттар алынып тасталды.

2. Алдын ала тілдік дайындықтың ендігіде қарастырылмауы нәтижесінде жылына 1,3 МЛРД теңге үнемделеді.

3. Ауылдық үміткерлерді қоспағанда іріктеу конкурсына енді әлемнің озық университеттерінен тек шартсыз шақыру хаты (UNCONDITIONAL) бар үміткерлер ғана қатыса алады.

Мемлекеттік тілге қойылатын талап күшейтілді.

4. Іріктеу кезеңдері 6-дан 3-ке дейін қысқартылды. Бірінші және екінші іріктеу кезеңдері онлайн автоматтандырылған жүйеде аудио және видео жазбамен, античитинг бағдарламасының сүйемелдеуімен өтеді, үміткер аты-жөні толық шифрланған.

5. Көпшіліктің Болашақпен оқуға еңбек нарығының сұранысына сәйкес жолдау ұсынысы Басымды мамандықтар тізімінің шеңберінде еңбек нарығының ортамерзімді қажеттіліктерін ескерумен мемлекеттік органдар, ЖОО, қоғам қайраткерлері және ұйымдар өкілдерінен тұратын комиссиямен бекітіледі.

6. Пандемияның бірінші толқыны кезінде 2020 жылы біз шетелдік университеттермен оқу төлемақысына жеңілдік алу кессөздерін жүргізіп, 500 МЛН теңгеден аса үнемдеуге қол жеткіздік.

7. Орталыққа басшы болып келісімен мен өзім Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігін Орталықты тексеруге шақырдым. Бұл өте дұрыс шешім болды. Қазірдің өзінде Антикордың ресми сайты мен менің ресми парақшамда сараптама нәтижесі мен әшекереленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бұқараға қолжетімді.

Бұған қоса, мен Орталықтың 2009-2020 жылдардағы қаржы қызметіне ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудитін өткізу бастамашысы болдым.

8. Сыртқы аудиттер алғаш рет KASE тізіміне кіретін компаниялармен жасалды, ал жылдық қаржы есептері Орталықтың сайтына қойылды.

9. Қатаң қадағалау нәтижесінде міндеттемелерін орындамаған стипендиаттардан 1,6 МЛРД аса теңге бюджетке қайтарылды (!) 

10. Орталықтың шетелдегі өкілдері және үшінші вице-президент сияқты нысансыз шығыстар қысқартылды. 

11. Квазимемлекеттік секторды 25% қысқарту шеңберінде Орталық штаты 2020 жылдан бастап 120-дан 110 қызметкерге қысқартылып, жалақы 30%-ға өсті, ал 2021 жылы штат 100 қызметкерге қысқартылып, жалақы қосымша 10%-ға өсті.

12. Ең маңызды сапалық нәтиже ретінде мен біздің Орталық стипендиаттардың оқуы мен түлектердің еңбек өтілімін қадағалаушы бақылау органнан біздің негізгі мониторинг міндеттемелерімізді сақтай отырып, оқуды ұйымдастыру мен еңбекпен қамтамасыз ету бойынша сенімді серіктеске айнала алғанымызды сызып айтамын. 

Бұған қоса, мен біздің Орталық пен «Болашақ» түлектері ассоциациясы арасындағы қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейге шыққанын ерекше мақтанышпен айтамын. Өйткені мақсатымыз бір – ол Отанымыздың игілігі үшін болашақтықтарды жұмылдырып, олардың жетістіктерін көрсету.Жалпы менің түлектер мен Бағдарламаның өзін қолда бар коммуникация тетіктері және БАҚ құралдары арқылы белсенді ілгерілетуім қазақстандықтардың «Болашақ» және Орталыққа сенімін біршама арттырғанына кәміл сенемін. Әріптестерім, стипендиаттар мен түлектер жадында 24/7 қолжетімді болған және жұмыста өмір сүрген басшы ретінде сақталатыныма үміттенемін. Барлық қол жеткізілген сапалық өзгерістерде қатысқан азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, - деді ол. 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы