Айналайын халқым, өте сақ болыңыздар – Дариға Тұранқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі Дариға Тұранқұлова коронавирус инфекциясынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Жалпыұлттық аза тұту күнінде осы бір індеттің құрбаны болып кеткен аға-бауыр, шәкірт, замандастарымыз және апа-қарындастарымыздың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Олардың көбі бұл дүниенің не болғанын андамай қалды. Айналайын халқым, өте сақ болыңыздар! Алланың өзі "сақтансаң, сақтаймын" дейді. Сондықтан тәртіпке бағынып, барлық талаптарды орындайық. Ауырмаңыздар, індеттен тез құтылайық, - деді Дариға Тұранқұлова.Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыға маусымда 900 мыңға жуық дәрі жеткізілді
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы