Аймақтағы ахуал: Түркияның тегеуріні шеше ме, Ердоғанның ептілігі шеше ме?

Алдағы уақытта Қазақстан мен Түркияның делдалдық қызметі арта түседі. Халықаралық сарапшы Риззат Елубаев екі ел басшыларының қандай мәселелерді талқылауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы кездері Түркия Республикасының халықаралық аренадағы әрбір қадамы нақты әрі жүйелі - үлкен мақсаттарды көздейді. Біле білсек, соңғы уақытта аймақтық саясат бойынша, жаһандық қауіпсіздік мәселелері және делдалдық қызметтер бағытында Қазақстан мен Түркияның Президенттері аса белсенді көзге түсіп жүр. Осыған қарап мұндай кездесуде ауқымды мәселелер талқыланатын анық айтуға болады. Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамыр айындағы Түркия мемлекетіне сапары кезінде белгіленген болатын. Ол сапарда Түркия тарапы еліміздің тұрақтылығына және аймақтық қауіпсіздігіне назар аударған болатын. Сондай-ақ өздеріңізге белгілі, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанмен Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты жеке қабылдап, Қазақстандағы тұрақтылықтың аймақ үшін маңызды екенін атап өткен еді. Бұған қарап, Түркия Қазақстанның сыртқы саясатындағы қадамдарды мұқият бақылауда ұстап отығанын көруге болады, - деді саясаттанушы.

Сарапшының айтуынша, екі ел басшылары жаһандық шиеленістер мен шекаралас мемлекеттер арасынд белең алған қақтығыстар туралы ой алмасады және өздерінің нақты позицияларына бекітеді.

Бастама сұрақтар инвестиция мен сауда-саттық байланыстары болатыны белгілі, алайда басты мәселе, аймақтық және жаһандағы өзгерістер туралы болмақ. Өйткені Түркия сыртқы саясатта аса белсенді бағыт ұстанып отыр. Оның бірнеше бағыты бар. Ресей мен Украина  және Әзербайжан мен Армения арасындағы келіспеушіліктерге қатысты Түркия өз белсенділі мен беделін арттып отыр, - деді Елубаев.

Риззат Елубаевтың пікірінше, Тоқаев пен Ердоған кездесуінен, яғни саяси аренадағы сыртқы саясатта белсенді тұлғалардан көп жаңалық күтуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы