Аймақтық топтар мониторингінің нәтижелері Бас прокуратураға жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шешімі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) аймақтық топтары таяуда өткен митингілер барысында ұсталған азаматтарды олардың заңды құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында ұстау орындарына жіберілді.
Жалпы алғанда, аймақтық топтар 20 арнайы мекемеде болды, онда бару кезінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митингтерге қатысқаны үшін 484 тұтқынға алынған азаматтар болды, олармен жеке әңгімелесулер жүргізілді.
Мониторинг барысында аталған мекемелерде тұтқындалу жағдайлары мен әкімшіліктің іс-әрекеттері туралы жалпы шағымдар түспеген. Ұстау орындарында жеткілікті дәрежеде азық-түлік, медициналық және өзге де көмек қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, өткізілген әңгімелесулер кезінде жеке азаматтар өздерінің құқықтарын бұзу туралы, атап айтқанда қамауда ұстаудың негізділігіне, полиция бөлімдерінде болу ұзақтығына және уақытша оқшаулау орындарына жеткізілуіне, сондай-ақ заң көмегіне қол жеткізудің шектелуіне қатысты шағымданды.
ҰАТ аймақтық топтарымен жүргізілген жұмыс ұсталған адамдардың орналасқан жері туралы туыстарын ақпараттандыруды жеделдетуге ықпал еткенін атап өткен жөн.
Мониторинг нәтижелері Мемлекет Басшысының берген тапсырмасына сәйкес азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберілді.