Аймақ басшылары санаққа дайындық қалай жүріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметте аймақ басшылары халық санағы қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ұлттық санақтың екінші кезеңінде облыс бойынша 898 адам уақытша жұмысқа тартылатынын айтты.

Қазіргі таңда санақ персоналдарының 53 пайызынан астамы іріктелді. Оның ішінде екпе алғандардың үлесі 20 пайызды құрап отыр. Аталған санақ персоналын қалыптастыруда интервьютерлерді екпеден өткізу ұйымдастырылады. Санақ персоналы барлық санитарлық құралдармен қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин санақ қызметкерлері вакцина алғандардың арасынан іріктелетінін айтты.

Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерін жұмылдыру қарастырылып отыр, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы