Аймағамбетов Жолдаудан не күтетінін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгінгі Жолдаудан не күтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметтің, Парламенттің алдына өте маңызды мақсат-міндеттер қойылады. Қазіргі уақытта ең маңызды мәселенің бірі – экономика. Сол себепті экономикамызды әрі қарай дамыту қажет. Жалпы еліміз дамуы үшін экономика алға жылжуы қажет. Егер экономика дамыса, бюджет мәселелері де шешімін табады, - деп ойын айтты депутат.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ел дамуындағы негізгі басым бағыттар туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда экономикалық даму, әлеуметтік сала және жасанды интеллектті енгізу мәселесі – мемлекет үшін аса маңызды.
Жалпы елдің даму мәселесі мен әлеуметтік саланың дамуы шешілуі тиіс. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі уақытта экономикалық даму мәселесі өте өзекті болып тұр. Осы бағытта нақты қадамдар, шешімдер мен тапсырмалар болады деп ойлаймын, – деді Аймағамбетов.
Депутат сонымен қатар жасанды интеллект тақырыбына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, бұл технология тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі.
Қазіргі таңда мемлекет назарында тағы бір өте үлкен мәселе тұр – ол жасанды интеллект. Бұл бүкіл әлемді өзгертіп жатқан құбылыс. Біздің елімізге оны қалай енгізу керек, қалай дамыту қажет, мемлекеттік басқару мен экономиканы осы жаңа жағдайға қалай бейімдеу керек – Мемлекет басшысы бұл мәселелерге үнемі көңіл бөліп келеді. Тиісті тапсырмалар беріліп жатыр, – деді ол.