Аймағамбетов жалақысы кедейлік шегінен аспай отырған мамандарды атады
Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстанда толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат жиында алаңдайтын мәселе бар екенін айтты.
Әлеуметтанушылардың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер феномені белең алып бара жатыр. Ол дегеніміз толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар. Әсіресе, бұл мемлекеттік секторға қатысты. Олар – кітапханашылар, бухгалтерлер, техникалық қызметкерлер және тағы басқалар. Олар толық жұмыс күні істеп, алатын жалақысы бойынша кедейлік шегінде тұр, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында.
Депутат бұл да өте қауіпті жағдай болып тұрғанын атап өтті.
Еске салсақ, 2030 жылға қарай қазақстандықтардың табысы медианды жалақыдан жоғары болатыны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талғардағы қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан қадағалап жатыр
Келесі жаңалық
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
Өзгелердің жаңалығы