Аймағамбетов ұстаздарға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алғыс айту күнінде ұстаздарға алғыс айтып, facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды.
Бүгін – Алғыс айту күні. Сіздерді мейірімділік, жақсылық, достық пен ізгіліктің символына айналған мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Педагог-әріптестеріме пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында кәсібилік танытып, қажырлы еңбек еткені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Мұғалімдер уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін табандылық танытты. Сынақтардың арқасында мықты бола түстік, - деді ол.
Министр ұстаздарға өз ісіне деген сүйіспеншілік пен балаларға деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтты.
Осынау қиын кезеңде қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін оқушыларымыз бен студенттеріміздің ата-аналарына алғысым шексіз. Біздің балаларымыз талантты әрі ақылды. Олар – еліміздің болашағы. Біз балалардың сапалы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматтары болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыстар тілеймін, - деді Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз - ҚХА
Өзгелердің жаңалығы