Аймағамбетов Үкіметте Bilimdi ult ұлттық жобасын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа ұлттық жобаны таныстырды.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Bilimdi ult баршаға арналған сапалы білім ұлттық жобасы әзірленді. Жоба қоғам өкілдерімен, білім саласының сарапшыларымен кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталды.

Ұлттық жоба 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарындағы «Қазақстан-2050 стратегиясы», Мемлекет басшысының және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламаларында белгіленген негізгі міндеттерді қамтыды, - деді бас ұстаз.

4 бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш және 26 іс-шарадан тұрады.

Аймағамбетов бірінші міндетке жеке тоқталып өтті.

Ол – балабақшалардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Ол үшін біз мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамытамыз. Мемлекеттік тапсырыс ваучерлік қаржыландыру арқылы орналастырылады. Сондай-ақ Президент тапсырмасы шеңберінде барлық балабақшада баланы дамытудың жаңа моделі енгізіледі. Соның ішінде балабақшалардың мемлекеттік білім беру стандарты ойын арқылы оқыту қағидаты бойынша өзгертіледі, - деп түсіндірді ол.

Министрдің сөзінше, балаларды ерте жастан дамыту бойынша педагогтарға біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылады. Осының нәтижесінде 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамту 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамту 100%-ға жеткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы