Аймағамбетов Петропавлда Назарбаев университеті сияқты оқу орны ашылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары боййынша өткен Үкімет отырысында  айтты.

Облыстың кешенді жоспарында білім беру саласы бойынша маңызды басталамалар қарастырылды. Негізгі бастамаларға тоқтап өтсем. Өңірде 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95 пайызға жеткізу қарастырылған. Ол үшін жыл сайын кестеге сәйкес жаңа балабақшалар ашылады. Ваучерлік қаржыландыру тетігі мен жеке меншік балабақшаларды дамыту жұмыстарын ұйымдастырамыз, - деді ол. 

Министр өңірдегі аппаттық жағдайдағы мектептер желісі мен оқушы орындар тапшылығын қысқарту үшін 16 мектеп салу көзделгенін айтты. 

Оған қоса ерекше білім беруге қажетті балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп интернаты салынады. Облыстағы 416 мектепті жаңғырту жобасы жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша «Жас маман» бюағдарламасы аясында 9 колледжді жабдықтаймыз, - деді ол. 

Министр 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңімен колледждерде ақысыз оқытумен қамту жоспарланғанын айтты. 

Ол үшін қосымша гранттар бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қозыбаев университеті аясында академиялық артықшылық орталығы құрылады. 5 млрд теңге қаражат инновацияларды дамытуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға бөлінеді. Университетке 600 орындық 2 жатақхана салу үшін 4,3 млрд теңге қарастырылып отыр, - деді Аймағамбетов. 

Министр Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспары аясында Петорпавл қаласында осындай университет құрылады. 

Бұл университет әлемнің үздік университеттерімен бірге жаңа білім беру бағдарламаларын іске асырып, біз өңірлік зерттеу орталығына ие боламыз. Онда озық зерттеу мен озық білім бьеру үшін жағдай жасалады, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы